Профессор: Конституциялық өзгерістердің ең іргелісі – жер мәселесі
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік ғылымдар департаментінің профессоры Нұрбек Шаяхметов Astana University студенттерімен кездесу барысында айтты.
5 маусым- ел тағдырындағы мәні бар күн. Референдум аса маңызды мемлекеттік іс-шара болғандықтан оған ерекше мән беріліп отыр. Конституциялық реформа мен референдум бойынша өзім түйіндеген үш тезис бар,- деді Шаяхметов.
Оның айтуынша, қоғамда косметикалық реформа туралы сын айтылды.
Конституциялық реформаның ең іргелі өзгерісі Жер туралы деп ойлаймын. 6-бапта бір ғана сөйлем өзгерді. Алайда оның мәні зор. 2016 жылы елде болған көп митингі азаматтық белсенділікке әсер етті. Елдегі өзгеріске серпін берген осы митингілер болатын,- деді ол.
Шаяхметов кезінде Алаш зиялылары да ел үшін маңызды нәрсе "Жер,жер тағы да жер" дегенін еске салды.
Конституциялық өзгерістердің басқа бағытын есепке алмағанда, жерге байланысты өзгеріс үшін ғана референдумға барып дауыс берер едім,- деді ол.