Алматыда көшкін қаупі бар беткей тұрғындарының проблемасы шешілді

Алматы, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының өтінішінен соң Көктөбе тауының бөктерін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі шілде айында Медеу ауданын аралаған кезде Көктөбе тауының көшкін қаупі бар аумағында орналасқан бірнеше үй тұрғындары көмек көрсетуді сұраған еді. Қауіпті аймақта 60 үй орналасқан. Үйлерге опырылып құлау қаупі төнген соң қала әкімінің тапсырмасы бойынша беткейді нығайту үшін жедел жұмысқа кірісу қажет деп шешілді.

Нығайту жұмыстары тамыз айында басталды. Горный, Горновосточный және Бегалин көшелері тұйықталған тау бөктерлерінде 250-ге жуық адам тұратын 60 жеке үй орналасқан. Сарапшылар жалпы алғанда 290 метр беткейді нығайту қажет деген қорытындыға келді.

Қазіргі кезде ұзындығы 290 м болатын беткей тазартылды, жеті метрлік габион төселуде. Ұзындығы 25 м, биіктігі 8 м болатын темірбетонды тірек қабырғасы орнатылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы