Пробация есебіндегі азаматтарға бетперде таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Біз біргеміз" қайырымдылық шарасы барысында Арал аудандық пробация қызметкерлері мен Жастар ресустық орталығының ерікті азаматтары пробация есебіндегі сотталғандардың үйін аралады, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
Бұл шараның басты мақсаты есептегі азаматтарға қазіргі елімізде белең алған қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шараларын түсіндіру.
Шара аясында пробация есебіндегі 20 отбасын аралап, коронавирустан қорғанудың ең дұрыс жолы жеке бас гигиенасын сақтау, қол мен бетті таза ұстау, адам көп жиналатын жерлерге бармау, медициналық маска тағып, оны ауыстырып отыру қажет екендігіні айтылып, осы отбасыларға бетперде мен медициналық қолғаптар таратылды.
Бұған дейін де аудандағы жеке кәсіпкерлер тұрмыстық жағдайы төмен, жұмысы уақытша тоқтап қалған пробация есебіндегі азаматтарға көмек қолын созды. Осы азаматтарға бірі тұрмыс жағдайына қажетті азық- түлік себеттерін алып берсе, енді бір кәсіпкер жеке қорғаныш құралдарымен қамтыды. Наубайханасы бар кәсіпкерлер нан өнімдерін таратты. Енді міне, аудандағы ерікті жастар қорғаныш құралдарын таратып жатыр, - деді аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ерболат Жарасов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шөкеев: Карантиннің жеңілдеуі – босаңсу деген сөз емес
Өзгелердің жаңалығы