Пробация қызметінің инспекторына 5000 теңге көлемінде пара ұсынған азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда пробация қызметкеріне пара беру жайтының жолы кесілді. ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған 29 жастағы жамбылдық азамат пробация қызметкеріне пара беруге оқталған, деп хабарлайды облыс бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Ол арам ойын жүзеге асыру мақсатында Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы әділет майоры Олжас Бектаевқа тәртіптік жауапкершілікке тартпауын өтініп, пара ретінде 5 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге ниет білдірген.Орын алған оқиғаға байланысты пробация қызметкерінің инспекторы сотталған азаматтың арам ойын басшылыққа хабарлады. Осылайша, департамент қызметкерлері жемқорлық дерегіне нөлдік төзіммен қарайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жамбылда пробация қызметкерлеріне 40 000 және 20 000 теңге көлемінде пара ұсынғандар құрықталған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы