Пробация есебіндегі азаматтарға дәрі-дәрмек таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қармақшы аудандық пробация қызметі аудандық жастар ресустық орталығымен, қоғамдық бірлестіктермен, ерікті жастармен бірлесіп, сотталғандарды әлеуметтендіру бағытында жұмыстар атқаруда.
Бұл жолы аудандық пробация қызметі, «Демеу» еріктілер тобымен бірлесіп, пробация есебіндегі бес отбасыға көмек көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін дәрі-дәрмек, бетперде және антисептик құралдарын таратты. Бұл дәрілердің арасында ыстықты түсіретін, ауруменкүресетін және иммунитетті көтеретін дәрілер де бар, – дейді Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, Жақсыбек Жүнісов
Шара аясында пробация есебіндегі азаматтарға қауіпті індеттен сақтану жолдары түсіндіріліп, азаматтарға адам көп жиналатын жерлерге бармау, медициналық маска тағып, оны ауыстырып отыру қажет екендігіні айтылды.
Бұған дейін де аудандағы ерікті жастардың көмегімен есептегі азаматтарға азық- түлік себеттері мен бетперде таратылған болатын.
Қайырымдылық көмек көрсеткен пробация инспекторлары мен ерікті жастарға риза болған есептегі азаматтар, алғысын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Білім министрлігі әкімдіктегілерге ескерту жасады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы