Прокурорлар заңсыз салынған айыппұл күшін жойды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз салынған айыппұлын сот тәртібімен бұзды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдаумен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, Уәлиханов ауданының кәсіпкерлік субъектісі аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) қаулысымен арнайы есепке қоймай айналымдарды жүзеге асырғаны үшін Кодекстің 275-бабы 5-бөлігі бойынша 36,4 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Қадағалау органы аталған қаулыға аудандық сотқа наразылық келтірді, өйткені Басқарма қабылдаған шешім Кодекс талаптарын елеулі бұза отырып шығарылған.

Уәлиханов аудандық сотының 2024 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен прокуратураның наразылығы қанағаттандырылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, айыппұл салу туралы шешімнің күші жойылды. 

Сот актісі заңды күшіне енді. Нәтижесінде қабылданған қадағалау шаралары жергілікті кәсіпкердің құқықтарын қорғауға қол жеткізді. Қадағалау органы бизнес субъектілеріне олардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда олар облыс прокуратурасының қызметкерімен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) арқылы тікелей байланыса алатынын еске салады, - деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы