Приозёрск дәрігерлеріне алғыс пакеттері тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы Қарағанды облысының Приозёрск қаласындағы Орталық қалалық ауруханасында өтті. Jas Otan жастар қанатының белсенділері меценаттардың қолдауымен ұйымдастырушы болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.

Медицина қызметкерлеріне алғыс хаттар мен алғыс пакеттері табыл етілді. Сонымен бірге, ӨЖЖ аппараттарына арналған оттегі баллондарын сатып алуға 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификат тапсырылды.

Дәрігерлерге науқастарға қамқорлығы мен назары үшін алғыс айтамыз. Алдыңғы шепте жұмыс істеп, жерлестеріміздің өмірін сақтап, олар өз денсаулықтарын тәуекелге тігеді, - деді Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

 "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы облыс аумағында әлі де жалғасуда.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы