3 Шілде 2023 2023, 04:20
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Приморск орманшылығындағы өрт сөндірілді
Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығындағы таулы жерде өрт шығып, ТЖД орманшылары мен өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына аттанған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО Приморск орманшылығындағы таулы жерде өрт шығып, ТЖД орманшылары мен өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына аттанған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таулы жартасты жердегі өртенген құрғақ шөп пен өсімдік жабыны орманшылар, өрт сөндірушілер және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде 2023 жылғы 2 шілдеде сағат 18.10-да толығымен сөндірілді, - делінген хабарламада.
Өртті жоюға 83 адам, 10 бірлік техника және 1 тікұшақ жұмылдырылған.