Президенттің Жоғары Сот Кеңесінің құрамын құруға қатысты өкілеттіктері өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің Жоғары Сот Кеңесінің құрамын құруға қатысты өкілеттіктері өзгереді. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин хабарлады.

Президенттің Жоғары Сот Кеңесінің құрамын құруға қатысты өкілеттіктері өзгереді. Конституцияда белгіленген қолданыстағы тәртіпке сәйкес Президент өзі Жоғары Сот Кеңесінің құрамын қалыптастырады, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің төрағасын тағайындайды, - деп түсіндірді Әділет министрі.

Оның ақпаратына сәйкес, енді Президент Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу құқығын Парламент Сенатының депутаттарына беруді ұсынды.

Ал Жоғары Сот Кеңесінің құрамын қалыптастыру заңмен айқындалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусин Президенттің қандай жақын туыстары лауазымды қызметтерге орналаса алмайтынын мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы