Президенттің ұстанымы ұлттың бағын ашады - ұстаз

Мемлекет басшысының сұхбатында ел мүддесі жолындағы жауапты мәселенің бәрі қамтылған. Алыс ауылда шәкірт тәрбиелейтін жас мұғалім Жанна Бахатай ел басшысының ең негізгі тақырыптарды ашып айтқанын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас ұстаз бұл құжатты елдіктің еңсесін биіктетіп, ары қарай бағыт-бағдарын айқындағанын айтады. 

Президент сұхбатында бүгінде бәріміз айтып жүрген «Әділетті Қазақстан» орнатудың маңыздылығы жан-жақты айтылған. Мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаттағы ұстанымы, елдегі жүзеге асырылып жатқан саяси-экономикалық реформалар туралы мәліметтерді оқуға болады. Халқымыздың рухани-мәдени дамуы, сондай-ақ заңға бағынатын мемлекет қалыптастыру сынды негізгі бағыттарға баса мән берілген. Тағы бір басты мәселе –Қаңтар оқиғасы, елдің жаппай несиге батуы, халық тұтынатын негізгі тауарларға қымбатшылықтың себеп-салдары және оны жою жұмысы туралы айтылған, - дейді ол.

Сұхбат барысында ел басшысына халық арасында жиі айтылатын қос билік, қосарланған жүйе ұғымы да сөз етілген. Президент бұл сауалға да ашық әрі тұшымды жауап берген.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының парасаты мен сарабдал сөзі елге екпін береді деп ойлаймын. Ел басшысының қойған талаптары ұлтымыздың алдағы уақыттағы бағыт-бағдарына жол деп түсіндім. Президенттің ұлт мүддесі жолындағы ұстанымы ұлттың бағын аша алады деп сенім білдіремін, - дейді Жанна Бахатай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы