Президенттің тапсырмасы. Алматыда 6 мектеп салынады

Алматыдағы Алатау ауданында Президенттің тапсырмасымен 11 500 орындық 6 мектеп салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысты жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Жаңа жайлы мектептер Теректі, Қарасу, Алғабас, Ақбұлақ, Самғау және Әйгерім шағын аудандарында пайда болады.

Ауданда 30 мемлекеттік және 8 жекеменшік мектеп бар. Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін Саялы-2 және Зерделі шағын аудандарында мектеп құрылысы жалғасып отыр. 

Ауданда 20 мемлекеттік және 200-ден жекеменшік балабақша бар. Саялы-2 шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақшаның құрылысы аяқталды.

Зерделі шағын ауданында ауданы 2 730 м2 болатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. Ауданда 184 спорт нысаны жұмыс істейді.

Балаларға арналған 534 үйірме мен секция ашылды. Олар кинотеатрға, кітапханаларға, аула клубтарына, театрға және теннис орталығына бара алады. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «100 заманауи Оқушылар сарайының құрылысы» бағдарламасы аясында 33 түрлі үйірмесі бар инновациялық шығармашылық орталығы ашылды.

Бұл жобалардың барлығын іске асыру Алатау ауданының балаларын оқыту мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы