Президенттің тапсырмалары қарапайым халықтың тұрмысына жақсартуға бағытталған – Мұқибек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек Президент айтқан мәселелердің ішінде жер дауы мәселесіне тоқталды.
Ерекше тоқталып айтайын дегенім, ұзақтан бері дау болып, халықтың көңілін күпті қылып келе жатқан жерге байланысты мәселеге нүкте қойылды. «Шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын» деді Президент. Осы тапсырманы тез арада орындауды тапсырды. Жалпы жұрттың күткені де осы еді. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы арқылы қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім болды, - деді ол.
Мұқибек Мемлекет басшысының бұл шешімін тарихи оқиға ретінде бағалады.
Тағы бір риза болғаным, Қасым-Жомарт Кемелұлы тапсырма берген бес мәселенің бесеуі де қарапайым халықтың өмірі мен тұрмысына қатысты болды. Мысалы, тұрғын үй және экономика саясатын жетілдіру. Ендігі уақытта ауылдық жерлерге тұрғын үй салған компаниялардың жалпы шығынының жартысын Үкімет төлеп беретін болды. Бұл да керемет бастама дер едім. Ауыл халқының қалаға ағылуын тоқтатуға, ауыл шаруашылығын дамытуға өте пайдалы шешімге жатқызамын, - деді сарапшы.
Президент мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдетуді тапсырған болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселесін де кеңес мүшесі Ауыт Мұқибек қолдады.
Шыны керек, Nur Otan партиясына мүгедектік мәртебесін алудың қиындығы туралы азаматтар көп арызданады. Міне, бұл мәселе де өз шешімін тапты. Осы жерде бір мәселені тағы қайталап айта кетейін, жемқорлық жайлаған бір сала осы. Барлық жемқорлық заңнамадағы анықтама мен жоба жасап әкелуді талап ететін жерден басталады. Мүмкіндік бар, біз осыдан арылуымыз керек, - деді ақын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы