Президенттің Қырғызстанға мемлекеттік сапарының дайындық барысы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Чыңғыз Айдарбековпен кездесті.

Қырғыз-қазақстандық СІМаралық консультацияларға қатысу мақсатында жұмыс сапарымен келген ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының cыртқы істер министрі Чыңгыз Айдарбековпен кездесті.   

"Кездесу кезінде тараптар Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан арғы іс-қимыл перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы