Президенттің күзет қызметкерлері тасқын салдарын жоюға көмекке барды

МКҚ қызметкерлері құтқарушыларға су тасқыны салдарын жоюға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы сәтте Ақмола облысы Жібек Жолы ауылында Мемлекеттік күзет қызметі күштерінің тобы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

МКҚ қызметкерлері елді мекенге жақын жердегi үйінді бөгеттің жағалауын нығайтуда және су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп жатыр. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы