Президенттің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының        

 

 Президенті                                                                                     Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 шілде

                             № 615

Қазақстан Республикасы

Президентінің

      2021 жылғы 2 шілдедегі

              № 615 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің

кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:

29-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының (бұдан әрі – Президент Протоколы)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі (бұдан әрі – Президенттің Протокол қызметі)» деген сөздермен ауыстырылсын;

33-тармақтағы «Президент Протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

65-тармақтағы «Президент Протоколының» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

92-тармақтағы «протоколы» деген сөз «Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

95-тармақтағы «Президент протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президенттің Протокол қызметінің, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.»;

115-тармақтағы «Президент протоколының» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

117-тармақтағы «Президент протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

128-тармақтағы «Президент протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

199-тармақтағы «Президент протоколының» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

201-тармақтағы «Президент протоколының» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Президенттің Протокол қызметінің бастығы»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Президенттің Протокол қызметінің бастығы».

2. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында:

«Президенттің Протоколы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Президенттің Протокол қызметі».

3. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі.».



 Кері қайту
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы