Президенттің Иранға ресми сапары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға ресми сапары аяқталды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің борты елордаға ұшты. 

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси шағын форматтағы кездесуден кейін екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Кейін  Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне онлайн форматта қатысты.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранда Аятолла Хаменеимен кездесті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы