Президенттің инфрақұрылым қолжетімділігін арттыру ұсынысы қуантты – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда ҚР Президентінің төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өткен болатын.  Мемлекет дамуының өзекті мәселелері, бұрын айтылған ұсыныстардың іске асырылу барысы талқыланған жиында Мемлекет басшысы саяси өзгерістерге бағытталған бірқатар жаңа бастама ұсынды. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы (ӘЭСИ) Айман Жүсіпова Президент айтқан халықаралық стандарттар негізінде адам құқығын қорғаудың ұлттық индикаторларын әзірлеу мен енгізуді бастау қажеттігі аса маңызды екенін жеткізді. 

Президент бастамалары қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту мәселесі бұрыннан пісіп-жетілді. Қазақстанда бұған дейін кейбір сарапшылардың өмірлік жағдайға үйлерінен өз еркімен шығауға мүмкіндігі жоқ мүгедектердің көзімен қарау туралы ұсыныстары айтылды. Бұл тұрғыда Президенттің мүмкіндігі шектеулі жандардың инфрақұрылым объектілеріне физикалық қол жеткізу мәселесін шешу, «бұл объектілерді барлық адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, талаптарға сәйкес келтіру» туралы ұсынысы қуантады. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің отыз жылдығында елімізде байыпты реформалар жүзеге асырылатынын атап өткен болатын, - дейді ол.

Сарапшының айтуынша, Ұлттық сенім кеңесі қызметі шеңберінде заңдар бастамашылық жасалатын, елдің демократиялық дамуына, азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған нақты шаралар мен бастамалар әзірленетін елеулі алаңға айналды. 

Осылайша, Қазақстанда ҰҚСК отырыстары аясында 12 заң қабылданды, олардың ішінде өлім жазасын жою, жала жапқаны үшін жазаны жеңілдету нормаларын енгізу, оны қылмыстық істер қатарынан әкімшілік құқықбұзушылық санатына ауыстыру сияқты заңдар бар. Тағы жеті заң жобасы әлі қаралып жатыр. ҰҚСК саяси реформалар жөніндегі топтың жоспарында елдегі онлайн-петицияларды заңды түрде тану, ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетіктері және олардың жаңа мәртебесін айқындау қағидаттары, БАҚ туралы жаңа заңды әзірлеуге қатысу бойынша жұмыстар бар, - деді Айман Жүсіпова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы