Президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS байқау жариялады

Еліміздің жас мобилографтарына тамаша мүмкіндік. Президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS компаниясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты үздік бейнероликке байқау жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеңімпаз Мемлекет басшысының біркүндік мобилографы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар Президенттің қолтаңбасы қойылған iPhone 15 Pro Max пен 1 миллион теңге жүлдеге ие болады. Мұндағы басты талап, Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жариялау қажет.

V Көшпенділер ойыны әлемнің назарында. 90-ға жуық мемлекеттен 2000-нан астам спортшы қатысады. Осыған байланысты Президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS компаниясы үздік бейнероликке байқау жариялады. Бұл жоба әлемде алғашқы рет өткізіліп отыр. Басты мақсат – тамыры тереңге бойлаған ұлттық спорт түрлерін насихаттау.

Бабадан қалған мол мұраны, бүгінге жеткен асыл қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас ету – бүгінгі ұрпақтың борышы. Осы орайда Президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS компаниясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы үздік бейнеролик байқауын ұйымдастыруды көздеп отыр. Мақсат – тамыры тереңнен тартатын спорттық ойындарды халық арасында кеңінен насихаттау, көшпенділер ойындарының мәні мен маңызын арттыру, дүбірлі доданың жоғары деңгейде өтуіне атсалысу, - дейді ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Егер жеңімпаз атансаңыз, яғни Гран-при жүлдесін иеленсеңіз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қасында болып мобилографы ретінде бір күн қызмет істей аласыз. Сондай-ақ Президенттің қолтаңбасы қойылған iPhone 15 Pro Max пен 1 миллион теңге жүлденің иегері боласыз. Гран-при – іс-шара барысында Президенттің жеке мобилографы ретінде жұмыс жасау. Президенттің қолтаңбасы бар iPhone 15 Pro Max және 1 млн теңге. ІІ орынға тағы ды 1 млн теңге. ІІІ орынға iPhone 15 Pro Max, IV орынға 500 000 теңге, 5-15-ші орындарға мобилографқа керекті жабдықтар. 16-20 орындарға мобилография курсы сыйлыққа және бонустық 50 орын сіздің әлеуметтік желіде жинаған әрбір 100 000 қаралымыңыз үшін 50 мың теңге сыйлыққа. Жалпы 150 контентмейкерге сыйлығымыз бар. Президент әкімшілігі елдегі жас мобилографтарға ерекше мүмкіндік беріп отыр. Байқауға тігілген жүлде қоры да қомақты. Бастысы, қатысып көріңіз, бағыңызды сынаңыз.

Құрметті Қазақстанның барлық мобилографы мен креативті жастары. Сіздерге Президенттің жеке мобилографы болуға біркүндік ерекше эксклюзивті мүмкіндік туып тұр, - деп жазды мобилограф Қыран Талапбек.

Мобилограф жұмысы 1 қыркүйекке дейін қабылданып, жеңімпаздар 9 қыркүйекте анықталады. Ол үшін Көшпенділер ойынына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жарияласаңыз болғаны.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы