Президенттің автожол саласына жүктеген тапсырмаларын орындау барысы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ашық сағат алаңы» жобасы аясындағы кезекті кездесу  ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде өтті. Оның барысында автожол саласының өзекті мәселелері талқыға салынды.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Отырысқа  ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин, ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас инженері Талғат Смағұлов, қоғам қайраткері, ҚР және ТМД құрметті жолшысы Серіктес Тоққұлов, Қазақстан жолшылары қауымдастығының президенті Бағлан Баймағамбетов қатысты.

Кездесу аясында қоғам қайраткерлері С. Тоққұлов пен Б. Баймағамбетов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Қазақавтожол» ЖШС біріктіру, FIDIC ережелерін енгізу қажеттілігі, көлік магистральдері құрылысына қажетті битум сапасы мәселелерін көтерді.

Бүгін жол саласында бірқатар қиындықтар орын алуда. Бұл қаржыландырудың жетіспеушілігі. 2017 жылдан бастап іс жүзінде үлкен эскалация жүріп жатыр, материалдардың барлық түрлері қымбаттады. Баға қалдық принцип бойынша жүреді. Егер өткен жылы қайта есептеу жүргізілсе, онда алдыңғы жылдар ескерілмеді. Осыған байланысты біздің мердігер ұйымдар зардап шегуде. Осыған байланысты FIDIC ережелерін енгізу қажет деп санаймын. Егер мердігер компаниялардың шығындарын уақытында өтейтін болса, мұндай үлкен шығындар мен жұмыстың тоқтап қалуы болмайды, - деді Бағлан Баймағамбетов.

Төлеген Абдуллин жиынға қатысушылардың бардық сұрақтарына жауап берді. Комитет төрағасы келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, ескерілетінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады.

Айта кетерлігі, «Ашық сағат алаңы» жобасы азаматтық ең өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға қоғам өкілдерін тарту мақсатында ашылған болатын. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана қазіргі геосаясат мәнмәтініне кіріктірілген үйлесімді мемлекет құруға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы