Президенттің әр сөзі көңілге қонды – Ассамблея мүшесі

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметіне кірісуіне арналған ұлықтау рәсімінде елдің әрбір азаматының мүддесін қорғау басты мақсаты екендігін айтты. Осыған байланысты салтанатты шараға қатысушы Теміртау қаласындағы грек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Деспина Касапиди пікір білдірді.

«12 маусым күні ел астанасы Нұр-Сұлтанда мемлекет тариxындағы маңызды шара өтті. Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Ант беру рәсімінде еліміздің барлық өңірінен өкілдер, шетелдік қонақтар қатысты. Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде Елбасы салған сара жолмен елдегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ант етті», - дейді Деспина Касапиди.

Ассамблея мүшесінің айтуынша, президенттің ел азаматтарын саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеу жайлы айтқан сөздері көңілге қонған.

«Оның Қоғамдық сенім кеңесін құру идеясы қоғамда жан-жақты диалог орнатуды қамтамасыз етпек. Президент өз сөзінде жастардың барлық салада өз мүмкіндіктерін толықтай қолдануына жағдай жасалатындығын айтты. Менің ойымша, президенттің әр сөзі мазмұнды, сындарлы, жасампаз болды, әрі біздің позитивті ойлауымызға, алға қойылған тапсырмаларды ел үшін, өзіміз үшін жауапкершілікпен орындауға түрткі болды», - дейді «Понтос» грек этномәдени орталығының жетекшісі Деспина Касапиди.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы