Президенттің әдеби сыйлығы: Жас жазушылар мен ақындар 4 млн теңгеден алады
Жас жазушылар мен ақындар 2023 жылы Президенттің әдеби сыйлығын алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов мәлімдеді.
Ол әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілетінін айтып өтті.
Жас жазушылар мен ақындар 2023 жылы Президенттің әдеби сыйлығын алады. Осындай қолдау шарасы дарынды жазушылардың жаңа буынын қалыптастырады, - деп айтты министр.
Сонымен қатар мәдениет қызметкерлеріне де үлкен көңіл бөлінеді.
Мәдениет қызметкерлерінің халықаралық форумын ұйымдастыру жоспарда бар. Бұл сала мамандарының біліктілігін арттырып, халықаралық тәжірибелерді игеруіне мүмкіндік береді. Осы айтылған жұмыстардың жоғары деңгейде жүзеге асуына зиялы қауымның белсенді қатысуы өте маңызды. Қоғам мен жастардың тәрбиесінде аға буынның атқаратын рөлі зор, алатын орны ерекше, - деп түсіндірді Асхат Оралов жиында.