Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесті
Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы тұрғындармен насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қосшы қаласындағы сайлаушылармен кездескеннен кейін, Қ.Әбден Қоянды ауылына барды. Ауыл тұрғындары елді мекендегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, су тапшылығы мен автобус бағдарларының сұрақтары көтерілді.
Осында келгелі су болған жоқ. Құдық қазып, су қайнатамыз. Келесі жылы бұл мәселе шешімін табады деп сенеміз. Сондай-ақ бізге қатынайтын автобустардың бағдарын базарға дейін жеткізу мәселесі бар, - деп ұсынды барлық тұрғындар.
Қ. Әбденмен кездескен аға буын өкілдері жастар тәрбиесіне де қатысты ойларын айтты.
Қазіргі жастар үлкендерді сыйламайды. Отбасыларда дәстүрлі тәрбие берілмейтіні байқалады. Біздің жастар қазір телефонға үңіліп, толығымен онлайн болып кеткен. Бұлай болмайды. Олармен жұмыс жүргізу керек, - деп жеткізді ақсақалдар мен әжелер.
Еске салсақ, Қазасқтан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.