Президенттікке үміткер болған азаматтардың өзі заң білмейді - заңгер

Бұл туралы «Қазақстан заңгерлері одағының» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықтың заңды білу сауаттылығы өте төмен деңгейде. Мәселен, өз басым бірқатар дамыған елде болдым. Ол мемлекеттердегі әр азамат өз құқығын бес саусағындай біледі. Құқықғын бұзуға, таптауға ешкімге жол бермейді. Бізде білетіні «бастыққа бару керек, депутаттыққа баруым керек» деген «керек» деген сөзбен шектеліп қалған. Тіпті кейбір азаматтар банктен кредит алғанда оның бір түйір заңын оқымайды. Кейін байбаламға салып, соңы айқай-шуға ұласады, - деді Ақылбай.

Заңгердің сөзінше, көпшіліктің заңды білу деңгейін төмен екенін өткен сайлауда анық сезілген.

Президентке үміткер болғысы келген азаматтардың өзі заңды мүлдем оқымаған. Оларды ұсынып отырған мекемелерде де нақты заңды білмейді. Мәселен, бір азамат көрші мемлекетте дүниеге келіп, өзін Президент болуға ұсынады. Міне, осындай да ұсыныстар кездескен, - деді Серік Ақылбай.

Бұған дейін «Қазақстан заңгерлері одағының»  республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай «Әділ сайлау үшін» штабы өз жұмысын бастағанын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: alashainasy.kz
Өзгелердің жаңалығы