Президенттікке кандидаттарды ұсыну кезеңінде ОСК-ға 35 өтініш келіп түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын жариялады.
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров ұсыну кезеңінде 35 өтініш келіп түскенін атап өтті.
«Соның ішінде 29 жеке тұлғалардан, оның ішінде 1 – азаматтар тобынан, 6 – заңды тұлғалардан, оның ішінде өңірлік қоғамдық қордан келіп түсті. Өтініштер пошта конверттері, электрондық үкімет порталы, Орталық сайлау комиссиясының электрондық поштасы арқылы және қолма-қол қабылданды», - деп айтты Петров ОСК отырысында.
Өтініш сипаты бойынша сайлау процесін ұйымдастыру (11), сайлау заңнамасы мәселелері бойынша түсініктемелер (12), ұсынымның тиісті емес субъектілерінен Президенттікке кандидаттарды ұсынуға (12) қатысты бөлінді.
32 өтініш бойынша өтініш иелеріне жауап берілді. Петровтың айтуынша, бүгін келген бір өтініш қарастырылып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының өкілеттігіне кірмеген екі өтініш тиісті органдарға жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды
Келесі жаңалық
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды
Өзгелердің жаңалығы