Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері жаңа қызметке тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Гүлісхан Нахбаева мен Найла Мұхтарова жаңа лауазымдарға тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гүлісхан Нахбаева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Креативті индустрия департаментінің директоры болып тағайындалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, шахматтан халықаралық гроссмейстер, 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы қызметін атқарған.

Найла Мұхтарова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры қызметін атқарған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Өзгелердің жаңалығы