Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 6 кезеңнен тұрады
1-кезеңде іріктеуге қатысушылардың құжаттары 1-30 қыркүйегі аралығында арнайы сайтта онлайн қабылданады. Кандидаттардың дерегі жеке нөмір арқылы жасырылып, бағалаушылар үшін үміткердің кім екені беймәлім болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың мәлімдеунше, 2-кезең "Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалу" деп аталады. Бұл кезең екі түрлі тестілеуден тұрады. Тестілеу процесі аудио-бейне фиксациямен қатаң бақыланады.
3-кезең: Ситуациялық тапсырмаларды шешу.
4-кезең: Үміткерлердің құзіреттері бағаланады. Кандидаттардың мінезін бағалау офлайн форматта өтеді. Үміткерлерге топтық және жеке тапсырмалар беріледі.
5-кезең: Сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу. Нәтижесінде Ұлттық комиссия отырысында қарауға ұсынылатын қатысушылардың тізімі анықталады.
6-кезең: Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады.
Резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Кандидаттарды бағалау нәтижелері pkrezerv.gov.kz сайтында жарияланады.
Назерке Өтеген