Тоқаев Президенттік жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Ұлттық комиссияның құрамы;
3) Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін", - деп Қаулы етті ҚР президенті.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ЛГБТ шеруіне рұқсат берілмеді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы