Президенттік жастар кадр резервіне 300 үміткер алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен маслихат барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова жаңа экономикалық сын-қатерлер жағдайында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізі факторларының бірі – білімді және мақсатты жастар екенін айтты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасында агенттіктің алдына Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндеті қойылды. Бүгін біз Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің аяқталғанын қуанышпен хабарлаймыз, - деді Анар Жайылғанова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 6 кезеңнен іріктелген 300 резервші туралы ақпарат Pkrezerv.kz сайтында жарияланған. Бастапқыда іріктеуге қатысуға 13 мыңнан астам адам ниет білдірген.
Резервшілер тізіміне жеке сектордан 102, квазимемлекеттік сектордан 98 және мемлекеттік қызмет органдарынан 96 өкіл кірді. Үміткерлердің 57 пайызы шетелде білім алған, 43 пайызы – Қазақстанның жоғары оқу орындарының түлектері. Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы – 31 жас. Бұл ретте резервшілердің экономиканың түрлі салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар. Олардың көпшілігі ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істейді немесе жұмыс істеген. Қатысушылар арасында еліміздің барлық өңірлерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің (Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Түркия және Франция) өкілдері бар, - деді агенттік төрағасы.
Іріктеудің ашықтығы мен ұтқырлығын цифрлық технологиялар қамтамасыз етті. Бұл жас қазақстандықтарға олардың орналасқан жеріне қарамастан қатысуға мүмкіндік берді.
Президент кадр резервіне енгендердің кейбіреуі жақын арада мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. 2020 жылдың бірінші тоқсаны ішінде Агенттік әрбір резервші үшін құзыреттерді дамытудың жеке жоспарын жасайды. Резервшілердің бір бөлігі қысқа мерзімді курстардан немесе қажетті құзыреттер мен дағдыларды арттыру үшін, оның ішінде Мемлекеттік басқару академиясының базасында ұзақ мерзімді оқудан өтеді, - деп сөзін қорытындылады Анар Жайылғанова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы