Президенттік тестке 4 миллионнан астам адам қатысты
Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестіні тапсыруға 4 миллионнан астам адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
111 мыңнан астам адам Президенттік деңгейдегі нормативтерден жоғары көрсеткішті орындады. Олардың жартысынан көбі (57 мыңы) ауылдық жердің тұрғындары. Ұлттық деңгей нормативін 207 мың адам (112 мың адам — ауыл тұрғыны) бағындырды. Бастапқы тесттен 470 мың адам өтті (210 мыңы ауыл тұрғыны).
Президенттік тестке жақын және алыс қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу және басқа да жаттығулар кіреді.
Президенттік тест - бұл сіздің физикалық дайындығыңызды тексеруге жақсы мүмкіндік және оны жақсартуға қосымша мотивация. Әрине, біз болашақта мейлінше көп адамды қамтуды мақсат етіп отырмыз, - деді МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғиният ТМД кеңістігіндегі халықаралық форумға қатысты
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы