Президенттік сайыс жас ұландықтардың дайындық деңгейін көрсетті
Щучинск қаласында "Жас ұлан" республикалық мектептері мен әскери колледждердің тәрбиеленушілері арасында әскери-спорттық ойындар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарысқа алты команданың атынан 70-тен астам тәрбиеленуші қатысты. Жарыс бағдарламасына президенттік сайыстар мен армиялық гір көтеру бойынша чемпионат кірді.
Сынақтарға пневматикалық қарудан ату, белтемірге тартылу, 3 шақырым шаңғымен жүгіру кірді. Армиялық гір көтеру спортында қолды кезек-кезек ауыстыра отырып, белгіленген салмақты көтеру міндеттелді.
Мектептер мен колледждердің тәрбиеленушілері үшін – бұл өз күштері мен қабілеттерін тексеру, біз үшін – келешегі зор спортшыларды анықтау және болашақта олардың әлеуетін ашуға көмектесу мүмкіндігі. Біз жарысқа қатысушылардан екі пән бойынша қабылдадық – Президенттік тест және гір тасын жұлқи көтеру. Балалар өте жақсы нәтиже көрсетті деп толық айтуға болады, – деп атап өтті Спорт комитеті – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының төрағасы Ольга Шишигина.
Президенттік жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің командасы, екінші орынды Шымкент қаласының жас ұландары, үшінші орынды Астана қаласындағы әскери колледждің тәрбиеленушілері иеленді.
Армиялық гір тасын жұлқи көтеруде Шымкент қаласының "Жас ұлан" республикалық мектебінің құрамасы, екінші орында Астана қаласының әскери колледжі, үшінші орында – Алматы қаласының тәрбиеленушілері.
Президенттік тест сайысы 1996 жылы енгізілген болатын. Олар бірқатар жаттығулардың жиынтығын білдіреді, олардың орындалуы азаматтардың жалпы дене шынықтыру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.