Президенттік сайлауда Ердоғанның қанша дауыс жинағаны анықталды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 99,9% бюллетеньді санап болғаннан кейін 49,34% дауысқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы TRT Haber мәлім етті.

Ердоғанның басты оппоненті Кемаль Кылычдароглу 45% дауыс жинады.

Осылайша түрік лидері бірінші айналымда жеңіске жетуі үшін қажет 50% дауысты да жинай алмады. 

Енді алда екінші айналым. Ол 28 мамырда өтеді.

Еске салсақ, Түркияда президенттік сайлау өтіп жатыр. Үш кандидат президенттікке үміткер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы