21 Желтоқсан 2025 2025, 02:34
Фото: Annegret Hilse/Reuters
Президенттік сайлау қауіпсіздігі: Зеленский АҚШ-пен келіссөз жүргізуде
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ өкілдерімен Украинадағы президенттік сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын талқылап жатқанын мәлімдеді.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ өкілдерімен Украинадағы президенттік сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын талқылап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Португалия Премьер-министрі Луиш Монтенегрумен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Зеленскийдің сөзінше, талқылаулар сайлау кезінде атысты тоқтату немесе соғысты уақытша тоқтату арқылы өтетін қауіпсіз дауыс беру мүмкіндіктерін қарастыруға бағытталған. Сондай-ақ Украина СІМ елден тыс жерде тұратын азаматтар үшін дауыс беру ұйымдастыруға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, Зеленский сайлауды тек Киев бақылауындағы территорияда өткізу керек екенін атап өтті. Ол президенттік өкілеттігінің ресми түрде 2024 жылдың 20 мамырында аяқталатынын, бірақ соғыс жағдайы аяқталғанға дейін сайлау мүмкін еместігін жеткізді.