Президенттік орталықта белгілі тұлғалармен «TARIKH TALKS» атты кездесу өтті

Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығында ғалым-тарихшы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Үздіксіз қазақ мемлекеттілігі: XV-XIX ғасырлардағы көне еуропалық карталардағы Қазақ мемлекеті» ашық дәрісі, сонымен қатар белгілі журналист, режиссер және продюсер Майя Бекбаеваның Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған «Сұлтан Бейбарыс» деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға тарихшылар, қазақстандық жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, орта оқу орындарының тарих мұғалімдері, сарапшылар, БАҚ және жалпы Қазақстан тарих ғылымының маңызды жаңалықтарына қызығушылық танытқан білім өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат өзінің кіріспе сөзінде: кездесу форматы спикерлер мен қонақтар арасындағы қызықты диалогтың өрбуіне, қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының ең өзекті мәселелерін талқылауға және өзара пікір алмасуға жақсы жаңаша мүмкіндік беретініне сенімін білдірді.

Қазіргі кезеңде тарих ғылымының жетістіктерін делдалдандыру өзекті ғана емес, сонымен бірге өмірлік қажет, өйткені медиа-кеңістіктің жаһандануы жағдайында еліміздің тарихи-мәдени мұрасы негізінде тарихи сананы қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды құралы болып табылады. Бұл үдеріске көрермендер мен оқырмандардың назарын тарих ғылымына аударуға ұйытқы бола отырып, ағартушы журналистер үлкен үлес қосуда, – Б.Темірболат өз пікірін білдіріп сөз кезегін белгілі журналист, режиссер, продюсер Майя Бекбаеваға берді.

Жоба авторы «Сұлтан Бейбарыс» деректі фильмінің көрсетілімін жариялай отырып, фильм қазақ даласында туып-өскен, құлдық өмірге кесілген, тағдыр тәлкегіне түскен Шығыстың ұлы әміршісі, Египеттің ең атақты және көрнекті билеушісі, ортағасырлық қыпшақ Сұлтан Бейбарыстың керемет оқиғасын баяндайды.

Бейбарыс Cұлтан туралы аңыз көп, бірақ ол туралы бір ғана шындық бар. Бұл өрнек Египетте Бейбарыстың өз заманынан бері сақталған. Ұлы Қыпшақтың өмір тарихын аңыздар мен сырлар аурасы әрқашан қоршап келген. Бүкіл түркілер, әсіресе қазақтар үшін Мысыр әлдеқайда жақын және қызықты. Өйткені, дәл осы жерде біздің ата-бабаларымыз, Сұлтан Бейбарстың бастаған аты аңызға айналған мәмлүктер адамзат өркениетінің тарихына өз есімдерін «алтын» әріппен жазып қалдырды, - деп бөлісті М.Бекбаева.

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Б.Темірболат келесі сөз кезегін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры, тарихшы-ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровқа берер алдында сөз сөйледі.

Еуропаның және АҚШ-тың жетекші мұрағаттарында, кітапханаларында және мұражайларында көп жылғы ғылыми жұмыстардың нәтижесінде автор қазақ мемлекетін көрсететін XV-XIX ғасырлардағы ежелгі еуропалық карталардың бірегей жинағын жинап қана қойған жоқ, сонымен қатар Отанымыздың тарихына көптеген таңғажайып жаңалықтар ашты. Ол 300 атластың материалдарын жинап, талдап, Қазақстанның мемлекеттілік тарихына қатысты 1500-ден астам карталарды зерттеген. Айта кетерлігі, барлық жазба деректердің ішінде географиялық карталар ең беделді болып саналады, - деп айтты.

М.Сыдықназаровтың көп жылғы ғылыми ізденістерінің нәтижесінде «Үздіксіз қазақ мемлекеттілігі: XV-XIX ғасырлардағы көне еуропалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты кітабінің ішінде бірыңғай Еуропа елшілері, саяхатшылары мен картографтары және АҚШ зерттеушілері жасаған 130 географиялық картадан тұратын атлас шығарды. Бұл еңбек қазақ мемлекеттілігінің дамуының негізгі кезеңдерін айқын көрсетеді. Кітап 2021 жылы Брюссельде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

Бұл басылым Бельгияның Корольдік кітапханасы мен Францияның Ұлттық ғылым академиясының тізімдеріне енгізілген, сонымен қатар әлемдік ғылыми және ақпараттық айналымға сәтті шыққан. Сонымен қатар, кітаптың көшірмелері Қазақстанның облыстық және жоғары оқу орындарының кітапханаларына берілді.

М.Сыдықназаров авторлық лекциясында зерттеу жұмысының негізгі нәтижелеріне тоқталып, қазақ мемлекеті туралы тың тарихи деректермен бөлісті.

XVI ғасырдың ортасында дүние жүзінің саяси картасында жас, егеменді, саяси белсенді және жоғары ынталы қазақ мемлекетінің пайда болуы, оның осы кезеңдердегі одан әрі дамуы Ұлы географиялық ашылулар дәуірінің басталуымен тұспа-тұс келді. Азияға жаңа сауда жолдарын іздеу. Сол кездегі еуропалықтар мен американдықтар үшін бұл карталар Еуразия жерлерін танып-білуге, олармен дипломатиялық, сауда-экономикалық және басқа да байланыстар орнатуға бағыт-бағдар беруге және қол жеткізуге арналған навигациялық көмекші болды, - деп бөлісті М.Сыдықназаров.

Мысалы, 1540 жылдан бері қазақ мемлекетінің территориясы Еуропа карталарында көрсетілмеген бірде-бір жыл болмағаны, «Жете» автоэтнонимінен қазақтардың жоғалған әйгілі «Жеті Жарғы» заңдар жинағының атауы шығып, «Жеті заң» деп аударылмағаны туралы ақпарат жарияланды.

Сондай-ақ дәріскер сол дәуірдің ең білімді әйелдерінің бірі, бірнеше шет тілдерін меңгерген, қазақтың жоғары тектілерінің өкілі, 1557-1576 жылдары Англия патшайымы Елизавета I сарайында қазақ мемлекетінің тұңғыш елшісі болған хан Хақназар Ару сұлтанның өмірбаянына тоқталды.

Тыңдаушылар назарына тағы бір қызықты дерек ұсынылды. XVIII ғасырдан бастап (1715 жылдан бастап) Қазақ мемлекеті туралы материалдар Англия, Франция, Австрия, Италия, Голландия, ал XIX ғасырдан бастап АҚШ-та география пәнінің мектеп бағдарламасына енгізілді.

«TARIKH TALKS» кездесуі аясында қатысушылар жоба қонақтарын қызықтыратын сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Ғалым-тарихшы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың зерттеу материалдарымен толығырақ мына сілтемелер арқылы біле аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=4gDQQtsJ1Po

Майя Бекбаеваның «Сұлтан Бейбарыс» фильмін келесі сілтеме арқыды көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=kFwVAuut8NQ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ПІБ Президенттік орталығы
Өзгелердің жаңалығы