Президенттің әйелі коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия президентінің әйелі Мишель Болсонару күйеуінен кейін коронавирус індетін жұқтырды. Бұл туралы елдің президент әкімшілігі хабарлады.
Бейсенбіде елдің бірінші ханымы Мишель Болсонару коронавирус сынамасы бойынша оң нәтиже алды. Ол өзін жақсы сезінеді және барлық белгіленген хаттамаларды орындайды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бейсенбіде ғылым және техника министрлігінің басшысы Маркос Понтестің де індетті жұқтырғаны белгілі болды. Ол коронавирусты жұқтырған Бразилияның бесінші министрі болды.
Бұған дейін коронавирус инфекциясын мемлекет басшысы Жаир Болсонару да жұқтырған болатын.
Айта кетейік, Бразилия індетті жұқтырғандар бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында "Мың алғыс" акциясы өтті
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы