Президентті ұлықтау рәсімі өтетін күн белгіленді
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау нәтижелері қорытындыланып, ел президенті болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды.
Отырыс барысында орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров барша Қазақстандықтарды құттықтап, ел президентінің ұлықтау рәсімі өтетін күнді жариялады.
2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді, - деді ол.
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы