Президентті қарсы алу рәсімі Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясында өтті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі ел басшылары әскерилер сапын аралап өтті. Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары шырқалды.
Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды. Салтанатты шарадан кейін мемлекеттер басшыларының жеке кездесуі басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазір кітап нарығында кез келген ойы бар өнімді қолдайтын кезеңде тұрмыз – Садық Шерімбек
Келесі жаңалық
ЕАЭО-Моңғолия келісімі: Импорттық баж салығы төмендейді
Өзгелердің жаңалығы