Президентке журналистердің әлеуметтік статусы туралы айттым – Берік Уәли

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдық. Мемлекет басшысына «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы, алдағы уақытта іске асатын жобалар және ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жөнінде баяндадым.Сонымен қатар Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары бойынша мәлімет бердім. Бұдан бөлек, журналистердің әлеуметтік статусы жайында да сөз қозғадым. Қаламгерлердің баспана жағдайы, жалақы мәселесі туралы айттым, – деп жазды Берік Уәли.

Сондай-ақ ол «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырғанын айтты.

Қаңтар оқиғасы кезінде «Хабар» агенттігінің Алматы филиалы мен Жамбыл облысындағы тілшілер қосыны зардап шеккені белгілі. Зардап шеккен филиал мен тілшілер қосынын қайта қалыпқа келтіру жөнінде атап өттім. Сондай-ақ «Хабар» агенттігі жаңадан ашылатын Жетісу, Ұлытау облыстарынан тілшілер қосынын ашуға әзір екенін жеткіздім (Семейде корпункт бұрыннан бар). Президент біздің ұсыныстарымызды қолдап, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды, – деді «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы