Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «КСМ Техновид» ЖШС-не барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін, сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді. Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.


Сондай-ақ Мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы