Президентке Мәдениет министрлігінің атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.
Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
- Алматыда Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды 22:08
- Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті 21:31
- Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды 21:05
- Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті 20:55
- Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 20:28
- 13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады 20:25
- Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады 20:10