29 Сәуір 2023 2023, 12:27 Фото: Ақорда

Президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, атап айтқанда түрлі ағаш көшеттері мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысы қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты.