Президентіміз бүгін аса қажетті салаларға көңіл бөлді – Сырымбек Тау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болды. Ең алдымен қазіргі таңда инфляция пайызы көтеріліп азық-түлік бағасы 80% қымбаттағанын жасырмады, алайда экономикамыз біртіндеп ілгері қадам басқанын да жасырмау керек.

Бұл туралы кәсіпкер Сырымбек Тау facebook-тегі парақшасында жазды. 

Президентіміз бүгін аса қажетті салаларға көңіл бөлді. Білім саласына, медицина, өнеркәсіп, ауыл-шаруашылық салаларына аса тоқталды. Азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамыту, белгілі аймақтарда жұмыспен қамту, көші қон саласын реттеу деген сияқты мәселелерді көтерді.Отандық тауардың сауда орындарына кедергісіз шығарылуын қамтамасыз ету керек, - деді Тау.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңартудың өзекті мәселесін қосымша қарастыру қажет. 

Барлық мүмкін болатын қаржыландыру көздерін пайдалану маңызды. «Адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқарады деп білім саласын арттыру, еліміздегі білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салуды, балалар арасындағы зорлық зомбылықты азайтуға, балабақша секторын қадағалауға, балалар үйірме саласындағы қаражат жымқыру сияқты кемшіліктерді түзетіп, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы деді. Сондай-ақ Ресей нарығын тастап кеткен шетелдік компаниялардың Қазақстанға қоныс аударуына жағдай жасау керектігін олардың жоғары қосылған құны бар тауарлар өндірісін арттыруға жақсы мүмкіндіктер беретінін айтты, - деді ол. 

Ол атағандай, сонымен қатар автожол инфрақұрылымын дамыту, жол құрылысна ерекеше көңіл болу керек екендігін, оның сапасын арттыру керектігін атап айтты.

Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет деп сөзін аяқтады.Еліміздің өркендеуіне әрбір азамат үлес қосатын кезеңде тұрғанымызды ұмытпайық, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы