Президент танымал спортшыларға жетістіктері үшін ризашылық білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жекпе-жек" сарайына барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы гимнастикаға және басқа да жаттығуларға арналған залдарды аралап көрді. Бұл кешенде бокс, күрес, дзюдо және өзге де спорттың жекпе-жек түрлерінен халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар.

"Қасым-Жомарт Тоқаев қазақша күрестен жастар арасында өтіп жатқан өңірлік командалық турнирге қатысушылардың белдесулерін тамашалады", - делінген хабарламада.


Қазақстан Президенті танымал спортшылармен әңгімелесіп, оларға жетістіктері үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттің әрдайым спортқа жан-жақты қолдауы көрсететінін жеткізді. 

Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Green Capital Kazakhstan жылыжай кешеніне барды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласының Индустриялдық аймағының жұмысымен танысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы