Президент жыл соңына дейін ЖИ университетін құруды тапсырды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, жалпы, басты мақсат – отандық технологияны жан-жақты дамыту және елімізде мықты IT-мамандарын дайындау. "Сондықтан біз ең алдымен білім саласына аса мән беруіміз керек" деген Мемлекет басшысы алда тұрған басымдықтарға тоқталды.

Бірінші. Университеттер жаңа заманға сай мамандар даярлауға тиіс. Қазақстанның инженерлері, зерттеушілері және кәсіпкерлері бүкіл әлемнің қажетіне жарайтын озық технологияларды ойлап табуға қабілетті болуы керек. Жыл басында елімізде iSana бағдарламасы іске қосылды. Осы жоба аясында 440 мыңнан астам студент ЖИ саласы бойынша арнайы сертификатқа ие болды. Мұндай бағдарламалардың пайдасы мол. Себебі дәл осындай алаңдарда ең үздік жобалар өз алдына стартап ретінде қалыптасып, халықаралық нарыққа шыға бастайды, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар Президент біз әлемдік нарыққа ЖИ мамандарына деген сұраныстың өте жоғары екенін ұмытпауымыз керектігін және алдағы уақытта бұл сұраныс тек өсе беретіндігін алға тартты.

Бүгінде елімізде ЖИ мамандарын оқытатын арнайы бір оқу орны жоқ. Олар жекелеген университеттерде ғана оқып, білім алуда. Бұл мәселені қолға алып, нақты шешім қабылдау керек. Әлемде мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Басты мақсат - экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологиясын енгізетін мамандарды даярлау. Зерттеу университеті ғылым, білім, инновация және халықаралық байланыс орталығы ретінде жұмыс істеуі керек. Қазіргі жаһандық технология заманында бәсеке өте жоғары. Жастарымыз әлемдік деңгейдегі сапалы білімді шетелдерден емес, өз елімізде алғаны дұрыс. Бұл Қазақстанның болашағына тікелей әсері бар өте маңызды мәселе, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы