Президент «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты
Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.
Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді.
Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы