Президент Жолдауын жүзеге асыру: республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға жақсарды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты 2024 жылғы Жолдауын орындау аясында көлік-логистикалық инфрақұрылым қарқынды дамуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылы елімізде 13 мың шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 7 мың шақырымда орташа жөндеу жүргізілсе, «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Орал – Атырау» сияқты маңызды бағыттар қамтылған. Сонымен бірге «Орталық – Батыс» жобасы, «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» учаскелері, Сарыағаш, Рудный және Шымкент айналма жолдарының құрылысы басталды. «Қалбатау – Майқапшағай» жолы аяқталуға жақын.

Артық жүктемелерді бақылау үшін 60 автоматтандырылған өлшеу стансасы іске қосылды, жыл соңына дейін олардың саны 220-ға жеткізіледі.

Цифрландыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Электронды билеттер, цифрлық диспетчерлеу, болжамды техникалық қызмет көрсету, зияткерлік көлік жүйелері енгізілуде, – деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы