20 Қазан 2026, 20:12 Фото: Ақорда

Президент Жолдауын қашан жариялайтынын жеткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын қашан жариялайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын қашан жариялайтынын айтты. Президент ол туралы Х парақшасында жазды. 

28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын, - деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтыны хабарланды.