Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. 

Жоғарғы Сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.  

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы