Президент жалаң сөзге уақыт кетірмей, нақты әрекетке көшу керегін айтты

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір бүкіл әлем аса күрделі тарихи кезеңде өмір сүріп жатыр. Осындай кезеңде мемлекеттердің көпжылдық даму бағдары айқындалады. Сондықтан біз уақыт талабына сай болып, жылдам әрі батыл қимылдауымыз керек. Жалаң сөзге уақыт кетірмей, нақты әрекет жасап, саяси жауапкершілік таныту қажет. Дәл қазіргі кезеңде әрбір күннің қадірін дұрыс түсініп, қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдалануымыз керек. Әйтпесе, жаһандық бәсекеге ілесу қиын болады, - дейді Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, табысқа жету үшін мемлекет пен қоғам ортақ мүдде жолында әрдайым бірге болуы керек.

Біз өркениетті ұлт ретінде тек жарқын болашаққа ұмтылып, тек алға қарай қадам басуымыз қажет. Қазір Үкімет айрықша құзыретке ие болды. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек. Шұғыл түрде тиісті шешімдерді қабылдау қажет. Мен бүгін бірқатар маңызды мәселеге тоқталдым. Әрине, басқа да өзекті мәселелер бар. Үкіметтің алдында тұрған міндеттер – өте маңызды. Дереу жұмысқа кірісу керек. Түптеп келгенде, экономиканың әр саласында түбегейлі реформалар жасалуға тиіс, - деп айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы