Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастыруды ескертті - Асхат Аймағамбетов

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдым. Президентке жаңа оқу жылына дайындық және бұған дейін министрлікке міндеттеген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп бердім. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің facebook-тегі парақшасында жазды. 

Мемлекет басшысы жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды, - деді министр.

Оның хабарлауынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырған.
Сондай-ақ жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді, - деп жазды Асхат Аймағамбетов. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы