Президент жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралайды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізеді деп жоспарлануда", - делінген хабарламада.  

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған болатын


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы